Үстірт қорығының аумағында сүтқоректілер мен құстардың ондаған түрі мекендейді. Олардың арасында Үстірт муфлоны, қарақұйрық, ақбөкен, қарақал, манул, құм мысығы, шұбар күзен, бал борсық, қарсақ және түлкі бар. Сонымен қатар қорық аумағында қасқыр мен шибөрі де кездеседі.
Сирек кездесетін құстардың қатарында бүркіт, дала қыраны, ителгі, лашын, тазқара, жыланжегіш, үкі, қоқиқаз және жорға дуадақ бар.
Жануарларды бақылау үшін қорық аумағына арнайы фототұзақтар орнатылған. Автоматты камералар мамандардың көмегінсіз-ақ, жануарлардың фотосы мен бейнежазбасын түсіруге мүмкіндік береді.
Мамандар алынған материалдар арқылы жануарлардың қозғалысын, мінез-құлқын, таралу ерекшеліктері мен тіршілік ету жағдайын зерттейді. Фототұзақтар жануарлар дүниесінің жағдайын тұрақты бақылауға да мүмкіндік береді.
Қорық мамандарының айтуынша, автоматты камераға түскен әрбір кадр табиғаттағы белгілі бір сәтті көрсетіп қана қоймай, ғылыми зерттеулер үшін де маңызды. Жиналған материалдар биоалуантүрлілікті бақылау және оны сақтау жұмыстарына пайдаланылады.
Бұған дейін, Былтыр 11 аралда бар еді, биыл екеуінде ғана: Каспийдің тартылуы итбалыққа қалай әсер етіп жатыр.