Ұтыс дауы: блогер Ерболат Жанабыловтың адвокаты істі тоқтатуды сұрады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында миллион оқырманы бар блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты іс қаралды. 

Елорда сотының мәліметі бойынша, іс материалдарына сәйкес, блогер Ерболат Жанабылов желідегі парақшасында жүйелі түрде ақшалай, 10 автокөлікті және өзге де бағалы сыйлықтарды ойнатқан. Ойынға қатысу шарттарының бірі — Ерболат Жанабыловтың жұбайы басқаратын «Zhana Business» ЖШС-нің «оқыту курсы» үшін 30 000 теңге төлеу болған. Жеңімпаздар «сәттілік барабаны» құрылғысы арқылы кездейсоқ таңдау әдісімен анықталған, ал бұл лотерея ойнату белгісі. Лотереяны заңсыз ұйымдастырып, өткізгені үшін іс сотқа жетіп отыр.

Сондай-ақ ресми ақпаратта айтылғандай, блогер Ерболат Жанабыловтың адвокаты жеке қаулы шығарып, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.

Келесі сот отырысы 2025 жылғы 15 қыркүйекте өтеді.

Бұған дейін Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілдері блогер Ерболат Жанабылов жариялаған курс бағасы негізсіз қымбат екенін мәлімдеген еді

Бүгін Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті

Еске сала кетсек, желіде бірнеше автокөлік ұтысын жариялаған қазақстандық блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова әрекетін Туризм және спорт министрлігі назарына алды. Соңында іс сотқа жеткен еді

Аталған жайтқа қатысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жеке түсінік берді