- Ұлттық білім беру деректер қорындағы (бұдан әрі – ҰБДҚ) мәліметтерге сәйкес, биыл 25 қыркүйекте республикада балаларға арналған 2 896 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1183 ұйымға (2025 жыл – 2142, 2024 жыл – 1713) артық. Қосымша білім беру ұйымдары санының өсуі желінің кеңеюін және балалар үшін қосымша білім берудің қолжетімділігін көрсетеді. Онда 2,4 млн бала, оның ішінде тегін үйірмелермен және секциялармен 1,7 млн оқушы қамтылған, - деді ол.
Вице-министрдің дерегінше, қосымша білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептерде мынадай жекелеген санаттағы 625 мың бала қосымша білім берумен қамтылды:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16,3 мың оқушы;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар 73,8 мың оқушы;
- қолайсыз отбасылардан шыққан 6,8 мың оқушы;
- көпбалалы отбасылардан шыққан 100,9 мың оқушы;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан 427 мың оқушы.
- 25 қыркүйектегі жағдай бойынша балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткішінің 61,6 пайызға дейін төмендеуі уақытша сипатқа ие және жаңа оқу жылының басталуына байланысты. Білім беру ұйымдарында (балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептер) топтарды, үйірмелер мен секцияларды жинақтау жалғасып, сабақ кестелері нақтыланып, білім алушылар контингенті қалыптастырылып жатыр. Қыркүйек–қазан айларында үйірмелер мен секцияларға балаларды қосымша қабылдау, білім алушылар контингентін қайта бөлу және ҰБДҚ-дағы деректерді өзектендіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге,білім беру ұйымдарының барлығы ҰБДҚ-ға мәліметтерді енгізу және оларды өзектендіру жұмыстарын толық аяқтаған жоқ. Осыған орай ағымдағы деректер балалардың қосымша біліммен нақты қамтылуын толық көлемде көрсетпейді, - деді Жайық Шарабасов.
Бұған дейін депутат Шахмардан Байманов 2030 жылға дейін әрбір ауыл баласына кемінде бір тегін үйірме немесе секцияға нақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін кешенді жоспар әзірлеу қажеттігін көтеріп, Оқу-ағарту министріне сауал жолдаған еді.