АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Лионель Месси Аргентина – Хорватия матчының үздік ойыншысы атанды.
Месси бірінші таймда 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындаса, екінші кезеңде Хулиан Альвареске нәтижелі пас берді.
Осылайша, 35 жастағы ойыншы әлем чемпионаттарында соққан гол санын 11-ге, пас санын 9-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш жөнінен ол Мирослав Клозе (16 гол 3 пас), Роналдо (15 гол 4 пас), Герд Мюллер (14 гол 5 пас) және Пеледен (12 гол 7 пас) асып түсті.
Финалға шыққан Аргентина құрамасы 15 желтоқсанға қараған түні алаңға шығатын Франция – Марокко матчының жеңімпазымен алтын жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Лионель Мессидің «Алтын допқа» басты үміткер атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Криштиану Роналду Португалия құрамасында ойнай бергісі келеді.
Месси әлем чемпионаттарында Аргентина құрамасының үздік сұрмергені атанды.
ФОТО: ELSA/GETTY IMAGES
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).