Отандасымыз шпагадан ерлер арасында өткен жекелей сында үздік үштіктен көрінді.
Вадим Шарлаимов жартылай финалға дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
ҚР ҰОК мәліметінше, финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Венгрия өкілі Гергей Шиклошимен кездесті.
Бұл айқаста венгриялық семсерлесуші 15:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Шарлаимов жекелей сындағы жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.