«Мемлекет вакциналау ісін жасырмайды. Керісінше біз оның жария түрде жүргенін құптаймыз. Ашықтық - қоғамдық өзара сенімді арттырудың ең тиімді тәсілі. Вакциналау өмірімізді қалыпты арнасына қайтарады. Маска тақпай-ақ қыдыратын, вирус жұқтырам деп қорықпай киноға, театрға, қонаққа баратын, қызмет көрсету саласы толықтай жұмыс істейтін күн жақын деп үміттенеміз. Бәрі де біздің қолымызда», - деді Дәурен Абаев.
13:59, 04 Ақпан 2021
Вакциналау өмірімізді қалыпты арнасына қайтарады – Дәурен Абаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакциналау өмірімізді қалыпты арнасына қайтарады. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев видеоүндеуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.