Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында «Bala Qorgau» жобасының QR-коды орналастырылып, 24/7 режимінде «balaqorgau» веб-сайты жұмыс істеуде. Оған келіп түскен 3,5 мыңнан астам өтінішпен арнайы жұмыс жүргізіліп, оқушыларға және олардың ата-аналарына тегін консультациялық көмек көрсетілді», - деді Ғани Бейсембаев.
Қоса кетсек, биыл республика бойынша 700-ге жуық жетім бала пәтер кілттерін алған.