Белгілі марапат қазақстандық дипломатқа Қазақстан мен Қытай арасындағы достық байланысты нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға қосқан ерекше үлесін мойындау ретінде берілді.
Дүйсенбіде Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз орталығында алғашқы марапаттау рәсімі өтті. Шахрат Нұрышев ресми Бейжің тарапынан ең жоғары бағаға ие болған сегіз қазіргі және бұрынғы дипломатиялық миссия басшыларының қатарында болды.
Қазақстан өкілімен қатар, марапаттар Пәкістан, Сауд Арабиясы және Колумбия елшілеріне, сондай-ақ Ресей, Камбоджа, Чад және Уругвайдың бұрынғы дипломатиялық миссия басшыларына да табысталды.
Бұған дейін Бейжіңде Қазақстандағы конституциялық реформалар бойынша баспасөз мәслихаты өткені хабарланған болатын.