Канаданың Ванкувер қаласында Филиппин қауымы Лапу-Лапу күнін атап өтіп жатқан еді. Кенеттен жол талғамайтын көлік бір топ адамды басып өтті. Полиция оқыс оқиға салдарынан 9 адам қаза тапқанын растады.
Фудтрак иелерінің бірі Йосеб Варденің айтуынша, қатты жылдамдықпен келген көлік футрактар тұрған көше бойымен жүріп өткен. Оның жүргізушісі оқиғадан кейін қашып кетпек болды. Бірақ бірден ұсталды. Варде атап өткендей, бұл сұмдық көрініс болды. Себебі оның бірнеше тұтынушысы көз алдында қаза болған.
Еске салсақ, оқиға Канаданың Ванкувер қаласында музыканттардың мерекелік концертінен кейін қызметкерлер көліктерге жаяу жүргіншілер аумағынан өтуге көмектесіп жатқан кезінде болған. Қазір 30 жастағы жүргізуші ұсталды.