Оқиға жексенбі күні сағат 23:10 шамасында Капитолий маңында, Истерн-Маркет ауданындағы тротуарда болған. Сегіз сарбаз жол шетінде төбелескендердің арасына түскен.
Полицияның мәліметінше, төбелеске қатысқан ер адамдардың бірі қару шығарған. Ұлттық гвардия әскери қызметшілері одан қаруды тастауды талап еткенде, ол шүріппені басып қалған. Сол мезетте әскерилер оны да атқан.
Аяғынан жараланған гвардияшы мен ішіне оқ тиген күдікті ауруханаға жеткізілген. Екеуінің де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жаралы екеу Колумбия округіндегі ауруханаларда ем алып жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталған.
Бұған дейін Пенсильванияда атыс болып, тоғыз адам қаза тапқан болатын.