Велошабандоздың суырды қуғаны желіні жаулап алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде тау жолында велосипедшінің суырды қуған видеосы кеңінен танымал болды.

 Оқиға француздық Куршевель тау шаңғы курортында болған. Велосипедші-фрирайдер Микаэль Бимбо төмен түсіп келе жатқанда алдынан суыр шыға келген. Бір ғажабы, оның қашқандағы жылдамдығы велосипедшімен бірдей болған. Велошабандоз  аңды қуып жетпекке тырысып-ақ бақты. Бірақ дегені болмады. Оған жеткізбеген суыр ақыры қашып құтылды.