Венесуэла үкіметі бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жариялады. Елдегі Ла-Гуайра штаты апат аймағы деп жарияланды.
Жер асты дүмпулері ел астанасы Каракаста сезілді. Қала инфрақұрылымына залал келтірілді.
АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбіде Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды teleSUR.
Венесуэла үкіметі бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жариялады. Елдегі Ла-Гуайра штаты апат аймағы деп жарияланды.
Жер асты дүмпулері ел астанасы Каракаста сезілді. Қала инфрақұрылымына залал келтірілді.
Родригес қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, үйлердің тәуекелдерін бағалауда тыныштық, бірлік және ынтымақтастыққа шақырды.
Еске салсақ, жерасты дүмпулері сәрсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 18:04–те (Астана уақытымен бейсенбі күні сағат 03:04) Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде тіркелген.
Аталған қалада шамамен 1,62 млн адам тұрады.
Жер сілкінісінің ошағы 13 шақырым тереңдікте орналасқан. Көп ұзамай жер бетіне жақын жерде, небәрі 10 шақырым тереңдікте 7,5 балдық тағы бір жер сілкінісі болды.
Жер сілкіністерінің күшті болғаны соншалық, олар Колумбияның бірнеше аймағында да сезілді.
Жиырма афтершок туралы белгілі. Ал сейсмологтер 24 сағат ішінде 4,0 балдық немесе одан да үлкен 20 афтершок, ал бір апта ішінде магнитудасы 5,0 балл тағы алты жер сілкінісі сезілетінін ескертті.
Жер сілкінісі Венесуэланың тәуелсіздік үшін соғысындағы маңызды оқиға – Карабобо шайқасының мерейтойын атап өтуге арналған ұлттық мерекесімен тұспа-тұс келді. Мерекелік шараға байланысты көп адам үйлерінде болды.
АҚШ билігінің пікірінше, соңғы жүзжылдықта Венесуэлада тіркелген ең қуатты сейсмикалық қозғалыс тіпті 1967 жылы Каракастың бір бөлігін қиратып, жүздеген адамның өмірін қиған оқиғадан да күшті болды.
- Венесуэланың ұлы халқының басына түскен екі қуатты жер сілкінісі өте көлемді және адамдар өмірін қиды. АҚШ көмектесуге дайын, ниетті және қабілетті! Мен барлық мемлекеттік ведомстволарға жедел әрекет етуге дайындалуды тапсырдым. Біз керемет жаңа достарымыздың қасында боламыз. Алғашқы хабарламалар көңіл көншітпейді!, - деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желілерде.
Осыған дейін Жапонияда 6,9 балдық жер сілкінісі болғанын хабарладық.