Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада 24 маусым кешке, 25 маусым таңертең 7,2, 7,5 және 4,5 магнитудалы жер сілкінісі болып, көптеген үй қирады.
Елде төтенше жағдай жарияланды. Ал ең қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штаты бақылауға алынды.
Венесуэла халықаралық ұйымдар мен әртүрлі елдерден көмек қабылдап жатыр.
Айта кетейік, Біріккен ұлттар ұйымы Венесуэлаға көмек көрсету үшін халықаралық қауымдастықты бұрын-соңды болмаған деңгейде жұмылуға үндеді.
Қытай Венесуэлаға шұғыл гуманитарлық көмек көрсетеді.
АҚШ Венесуэлаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін санкцияларын тоқтатты.