Сондай-ақ елдің Байланыс және ақпарат министрлігінің сенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер саны 16 592 адамға дейін өскен. Ал табиғи апат салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болғандар саны 16 309 адамға жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Венесуэлада болған қос жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 595 адамға, ал жараланғандар саны 12 666 адамға жеткенін хабарланған еді. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдегенді.
Сонымен қатар ДДҰ Венесуэлада жұқпалы аурулардың өршу қаупі туралы ескертті.
Себебі уақытша орналастыру орындарында тұрып жатқан тұрғындар арасында қызылша, көкжөтел секілді вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардың таралу қаупі артқан. Сондай-ақ маса арқылы таралатын денге қызбасы, лас су арқылы жұғатын ішек инфекцияларының таралу қаупі де жоғарылап отыр.