Күн өткен сайын үйінді астынан тірі қалғандарды табу мүмкіндігі азайып барады.
БҰҰ Даму бағдарламасының алдын ала бағалауынша, табиғи апаттың салдарынан материалдық шығын 6,7 миллиард доллар болды.
Euronews мәліметінше, Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалғандар саны 68 мың адамға жеткен.
Бұған дейін қаза тапқандар саны 1430 адамға жеткені туралы хабарланған болатынбыз.
Еске салайық, Венесуэлада 24 маусым кешке және 25 маусым таңертең екі рет жойқын жер сілкінісі болып, көп тұрғын үй қирады. Елде төтенше жағдай жарияланып, ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери күштердің бақылауына берілді.
Қазіргі таңда Венесуэла халықаралық ұйымдар мен түрлі мемлекеттердің гуманитарлық көмегін қабылдап жатыр.
Айта кетейік, құтқарушылар 11 жастағы баланы үйінді астынан 70 сағаттан кейін аман алып шықты.