АСТАНА. KAZINFORM – Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 943 адамға жетті. Тағы 10 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа .
Хорхе Родригес бұл зілзаланы «Венесуэла соңғы 123 жылда бастан өткерген ең алапат апат» деп атады.
Еске сала кетейік, Венесуэлада 24 маусым кешке және 25 маусым таңертең екі қуатты жер сілкінісі болып, көптеген тұрғын үй қирады.
Елде төтенше жағдай режимі енгізілді. Ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери күштердің бақылауына берілді.
Қазіргі уақытта Венесуэлаға халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекет гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, кеше Венесуэла жағалауында тағы да жер сілкінгенін жаздық.
Жасұлан Бақытбекұлы
Жасұлан Сейілханов 1986 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Мамандығы – журналист. Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған. Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық газеттерде тілшілік, жетекшілік, басшылық қызмет еткен. Kazinform ХАА шығарушы редакторы.