Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері сәрсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 18:04–те (Астана уақытымен бейсенбі күні сағат 03:04) Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде тіркелген. Аталған қалада шамамен 1,62 миллион адам тұрады.
Жер сілкінісінің ошағы 13 шақырым тереңдікте орналасқан.
Осыған дейін Кубада 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Маусым айының басында осы өңірде магнитудасы 6,2 болатын бұдан да күшті дүмпулер болған, олар ел астанасы Гавана қаласында да сезілген.