Қуатты жарылыс шығыс Монагас штатындағы венесуэлалық PDVSA компаниясының газ өңдейтін Muscar зауытында болған. Оқиғаның салдарынан кемінде 3 адам зардап шекті.
«Эсекьель-Самора әкімшілік ауданы PDVSA компаниясына тиесілі Muscar зауытындағы жарылыстан соң өрт шықты. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, PDVSA клиникасына зардап шеккен үш адам жеткізілген»,-делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар кемінде бес жарылыс болғанын айтып жатыр, сондай-ақ зауытқа жақын аймақта эвакуация жүргізілді.
Осыған дейін Испания премьер-министрі су тасқынына байланысты 3,7 миллион еуро көлеміндегі көмек бөлетінін айтты.