Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:
- бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар)
- магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)
- бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін оқу мерзімімен 30 орын (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)
- докторлық бағдарлама бойынша 20 орын (барлық бағытта)
Гранттар бойынша ақпарат төмендегі сілтемеде.
Мамандықтардың тізімін осы жерден көре аласыз (сайтта Annex 1 тандау қажет).
Грант келесі шығындарды қамтиды:
- тегін оқу;
- бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия - 130 еуро, докторантура - 450-580 еуро;
- жатақханада тұру (немесе айына 130 еуро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу);
- медициналық сақтандыру.
Бағдарлама туралы толықырақ мына жерден оқуға болады.