АСТАНА. KAZINFORM – Вьетнам астанасы Ханой қаласындағы караоке-барда болған өрттен кем дегенде 11 адам мерт болды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып Reuters хабарлады, деп жазады Report.az.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ғимараттан жеті адамды аман алып шыққан, оның екеуі ауруханаға жеткізілді.
Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі «өрт қойды» деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған.
Айтуларынша, мекеме қызметкерлерімен кикілжіңнен кейін ол ғимараттың бірінші қабатына бензин шашып, от қойған.
Тиісті бөлімшелер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, делінген хабарда.
Айта кетейік, бұған дейін Вьетнамдағы ең бай әйелдердің бірі өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін жазған едік.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы