АСТАНА. KAZINFORM — Вьетнамдағы Фукуок аралы жағалауында 36 адам мінген туристік қайық аударылып, салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті VnExpress ақпараттық порталы мәлімдеді.
Басылымның мәліметінше, қайықта үндістандық 32 турист және экипаждың төрт мүшесі отырған. Оқиға кеме порттан шыққаннан кейін көп ұзамай болған. Қайықтың қалай аударылып кеткені әзірше белгісіз.
Апат салдарынан 21 адам құтқарылды. Қаза тапқандардың саны — 15 адам, оның ішінде екі әйел мен 13 ер адам бар.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметі апаттың себептерін анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 мың адамнан асқанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.