Вьетнамнан Астанаға жағдайы ауыр науқас медициналық рейспен шұғыл жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Вьетнамнан Астанаға 1973 жылы туған пациент отадан кейінгі кезеңде болған геморрагиялық инсульттан кейін ауыр жағдайда шұғыл жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Фото: Видеодан алынған кадр

Ведомствоның дерегінше, науқас Қазақстанға 14 қарашада жеткізілген.

— Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында бүкіл әуе сапары барысында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерулан Кундакбаев болды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта пациент әрі қарай ем алу үшін ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызылған. 

Бұған дейін хабарланғандай, ТЖМ санавиациясының көмегімен көкшетаулық кішкентай науқас құтқарылған болатын.