Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Виктор Ионенко 1970 жылы туған.
1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тамамдаған.
2010 жылдан 2020 жылға дейін – Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.
2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың шілдесіне дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.
Қоса кетсек, бүгін Асланбек Сарқұлов - Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданының әкімі, ал Алпамыс Көшкінбаев - Жаңақала ауданының басшысы болып тағайындалды.