Вице-министр: 19 ауыл суды сырттан тасып ішіп отыр
АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен бас тартып жатқан ауыл бар екенін айтты.
— Жеке құдығынан су ішіп отырған 219 ауыл бар. Олар халық аз қоныстанған елді мекендерден санатына кіреді. Тіпті орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен бас тартқан ауылдар да бар. Мысалы, Қостанай облысындағы Мичурин ауылында жоба дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталар кезде тұрғындар арнайы шығып, «өз құдықтарымыз бар, ондай жүйе керек жоқ» бас тартты, — деді ол.
Министрдің орынбасары суды сырттан тасып ішіп отырған 19 ауыл бар екенін айтты.
— Олардың халық саны да белгілі. Мысалы, Жетісу облысындағы Керегетас разъезінде 5 адам, Қайрақтас стансасында 25 адам тұрады. Қостанай облысындағы Семилетка ауылында 52 адам ғана тұрады. Ұлытау облысындағы № 66, 60, Қ.Сәтбаев. разъездерінде 4-7 адамнан ғана тұрады. Осындай елді мекендер суды тасып ішіп отыр, — деді вице-министр.
Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сырдариядан келетін судың азайып жатқанын «объективті шындық» деп сипаттады.