— Жалпы Қазақстан Республикасына кірген ҚХР азаматтарының ішінде құқықбұзушылардың үлесі 0,3% пайызды ғана құрайды, — деп жазылған жауапта.
Айта кету керек, Қазақстан 2023 жылдың 10 қарашасынан бері Қытай Халық Республикасымен визасыз режим енгізген болатын.
— Осы келісімге сәйкес екі ел азаматтары жеке, туристік, іскерлік және өзге де қысқа мерзімді сапарлар үшін әрбір кіру кезінде 30 күнге дейін, алайда 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтығы 90 күннен аспайтын мерзімге визасыз кіріп-шыға алады. Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 25 711 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша), олардың 5 230 сот шешімімен елден әкімшілік тәртіппен шығарылды, — деп жазады ІІМ баспасөз қызметі.
Алайда құзырлы орган нақты неше қытай азаматы елден депортацияланғаны туралы сұрақты жауапсыз қалдырған.
Былтыр күзде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районындағы шекара бекеттері арқылы екі ел азаматтарының кіріп-шығу саны 4,64 миллион адамға жеткенін жазған едік.