ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Буревестник» қатарынан үш кездесуінде жеңіске жетті.
Бұған дейін алматылықтар «Ақтөбе» мен «Жетісу» волейбол командаларынан басым түскен еді.
Бұл жолы Игорь Никольченконың шәкірттері өткен жылғы күміс жүлдегер «Павлодар» клубымен шеберлік байқасып, жеңіске жетті.
Аса тартысты өткен бәсекеде «Буревестник» командасы — 3:2 (25:23, 20:25, 25:22, 22:25, 15:6) есебімен үздік шықты.
Осылайша, 29 ұпай жинаған «Буревестник» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісудың» өз алаңында «Буревестниктен» жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).