Волейбол: «Жетісу» өз алаңында «Буревестниктен» ұтылып қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорғанда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында жергілікті «Жетісу» Алматының «Буревестнигімен» шеберлік байқасты.

Волейбол: «Буревестник» Павлодарда алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетті
Фото: instagram.com/atyrau_vc

Осыған дейін өз алаңында өткен жылғы ел чемпионы «Тараз» бен күміс жүлдегер «Павлодарды» 3:2 есебімен тізе бүктірген Марат Адрышевтің шәкірттері алматылықтармен ойында есе жібереміз деп ойламаған шығар.

Алайда Игорь Никольченко жаттықтыратын алматылықтар 3:1 (25:19, 25:23, 22:25, 25:21) есебімен жеңіп кетті. 

«Жетісу» 28 ұпаймен үшінші сатыда қалғанымен, «Буревестник» (27 ұпай) оған жақындай түсті.

Ал павлодарлықтар «Тараздан» 3:0 (25:19, 25:23, 25:18) есебімен басым түсіп, 26 ұпаймен бесінші орынды нық ұстап тұр.

Командалар жұма күні демалып, сенбіде бәсекені жалғастырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақтөбенің» тартысты матчта «Атырауды» ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ «Атырауды» жеңген «Жайық» ұпай санын 40-қа жеткізді.

Соңғы жаңалықтар