НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін волейболдан Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңінде жартылай финалға жолдама алған құрамалар толықтай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жартылай финалда 11 қаңтарда Қазақстан мен Таиланд, Оңтүстік Корея мен Қытайлық Тайбей құрамалары шеберлік байқасады. Ал 12 қаңтарда финал өткізіледі. Жеңімпаз құрама Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады. Дүбірлі додада әлемнің әр қиырынан келген 12 құрама бақ сынайды.
Қазақстан қыздары 2008 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, онда жалпы командалық есепте тоғызыншы орын алған болатын .
Ал Қытайдың Цзянмынь қаласында Токио Олимпидасына іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы А тобында Иран, Қытай, Тайвань құрамаларынан жеңіліп, өз тобында төртінші орынды місе тұтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.