Қазақстан волейболшылары Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Волейболдан қазақстандық ерлер және қыздар командалары 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу ойындарына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер құрамасы 7-12 қаңтар аралығында Қытайдың Цзянмынь қаласында өтетін Азия құрлығынан іріктеу турнирінде бақ сынайды. Қазақстандық волейболшылар А тобында Иран, Қытайлық Тайбэй, Қытай құрамаларымен шеберлік байқасады.

Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы Олимпиадаға бірде-бір мәрте қатысып көрген жоқ. Ал әлем чемпионаты финалдық кезеңінде 2002, 2006 жылдарда сынға түсті.

Қазақстандық құрама 7 қаңтарда Қытаймен алаңға шықса, 8 қаңтарда Иран, 9 қаңтарда Қытайлық Тайбэй құрамаларымен шеберлік байқасады. Азия құрлығы бойынша В тобында Австралия, Оңтүстік Корея, Үндістан және Катар волейболшылары жолдамаға таласады.

Дәл осы күндерде Қазақстанның волейболшы қыздары Таиландтың Накхонратчасима қаласында Азия құрлығынан іріктеу сатысында В тобында Оңтүстік Корея, Иран және Индонезия құрамаларымен ойнайды. Олар 7 қаңтарда Иранмен, 8 қаңтарда Индонезия, 9 қаңтарда Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады. Қазақстан қыздары 2008 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, онда жалпы командалық есепте тоғызыншы орын алды. Ал А тобында Таиланд, Қытайлық Тайбэй, Австралия құрамаларымен кездеседі.

Азия құрлығынан іріктеу кезеңі арқылы Олимпиадаға бір жолдама беріледі. Дүбірлі додада барлығы 12 құрам бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар