Волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Тяньцзинь қаласында 21-30 тамызда әйелдер командалары арасында өтетін Азия чемпионатының жеребесі тартылды.

Фото: ҚВФ

Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын қазақстандықтар В тобында Таиланд, Индонезия және Аустралия командаларымен ойнайды.
А тобында Қытай, Қытайлық Тайбэй, Иран және Ирак құрамалары сынға түседі.

С тобында Жапония, Вьетнам, Оңтүстік Корея және Гонконг командалары мықтыны анықтайды. 

Регламентке сәйкес сегіз үздік құрама ширек финалға жолдама алады. Бұл ретте жеңіс, ұпай саны, содан кейін партиялардағы доп айырмасы ескеріледі. 

Бұдан үш жыл бұрын Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бесінше орынға ие болған еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Орталық Азия чемпионатында Непалды ұтқан Қазақстан бесінші орынды қанағат тұтқанын жазған едік.