АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Ахмедабад қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Азия кубогы ойындары өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы А тобында алғашқы ойынын алаң иелерімен өткізді. Бірінші партияда үндістандық волейболшылар 25:16 есебімен басымдылық танытты. Сергей Трикоздың шәкірттері барын салғанымен, бұдан кейін де алаң иелері дес бермеді - 25:21, 25:15. Қорытынды есеп - 3:0.
Қазақстандықтар 22 маусымда Аустралия, 23-інде Қытайлық Тайбэй, 25-інде Бахрейн, 26-сында Жаңа Зеландия командаларымен шеберлік байқасады.
Әр топтан қос үздік құрама жартылай финалға жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия кубогында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).