ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Тұран» (Түркістан) мен «Ақтөбе» кездесті.
Өткен жылғы ел чемпионы «Тұран» ақтөбеліктерді 3:1 (25:16, 24:26, 25:22, 25:16) есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Асқар Шалқыбековтің шәкірттері 31 ұпай жинап, төртінші орынға жақындай түсті.
Төртінші сатыда 33 ұпаймен тұрған «Қарағанды» командасы қатарынан үшінші рет жеңіліп қалды.
Өз алаңында «Алматыдан» 3:0 (25:16, 25:17, 25:17) есебімен айласын асырған «Қуаныш» командасы ұпай санын 40-қа жеткізіп, үздік үштікті түйіндеп тұр.
Клубтар сәрсенбі күні демалып, бейсенбіде ойындар қайтадан басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Грация KZ» Павлодардың «Ертісінен» басым түскенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).