Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Буревестник» клубы «Таразды» тізе бүктірді

АСТАНА. KAZINFORM — Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының бесінші турында «Тараз» өз алаңында Алматының «Буревестнигін» қабылдады.

Фото: ҚВФ

Аса тартысты өткен матчта алматылықтар 3:2 (25:19, 22:25, 25:19, 24:26, 15:12) есебімен жеңіске жетті. 

Қос команда дүйсенбі күні екінші кездесуін өткізеді. 

«Буревестник» турнир кестесінде 22 ұпаймен бұрынғыша бірінші орында келеді. 
Бесінші турға қатыспаған «Оқжетпестің» (Көкшетау) 17 ұпайы бар.

Өскеменде «Берелді» 3:1 (25:19, 19:25, 25:20, 25:14) және 3:0 (25:15, 25:23, 25:21) есебімен қапы қалдырған «Атырау» да ұпай санын 17-ге жеткізді. 

Күміс жүлдегер «Ақтөбе» Петропавлда жергілікті «Қуанышпен» ұпай бөлісті – 2:3 (21:25, 25:18, 22:25, 25:23, 11:15) және 3:2 (22:25, 25:21, 25:22, 19:25, 16:14). 

Қазақстан чемпионы «Жетісудың» Үндістанның Бхубанешвар қаласында CAVA Men’s Volleyball League 2026 турниріне қатысуына байланысты Оралдың «Жайығымен» екі матчы 2027 жылғы 11-12 наурызға ауыстырылды. 

Талдықорғандықтар аталмыш жарыста топтық бәсекелерде сәтті өнер көрсеткенімен, шешуші ойындарда жеңіліс тапты. 

Марат Адрышевтің шәкірттері жартылай финалда Үндістанның «Бенгалуру Торпедос» командасына 1:3 (22:25, 23:25, 25:23, 14:25) есебімен есе жіберді. 

Бүгін «Жетісу» қола жүлде үшін ойында тағы бір жергілікті клуб "Телугу Блэк Хокстан" айласын асыра алмады – 1:3 (23:25, 25:21, 17:25, 25:22). 

Талдықорғандық волейболшылар топтық бәсекелер барысында осы қос команданы да жеңген еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Үндістандағы турнирде «Жетісу» волейбол клубының топтық бәсекені жеңіспен түйіндегенін жазған едік.