МАНИЛА. KAZINFORM - Филиппинде әйелдер командалары арасында волейболдан өтіп жатқан "AVC шақыру кубогі" турнирінде Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты.
Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері В тобындағы соңғы ойынын Гонконг құрамасымен өткізді.
Бұдан бұрын Вьетнамға 1:3 есебімен есе жіберген қазақстандықтарға жартылай финалға шығу үшін жеңіс ауадай қажет еді.
Қазақстан құрамасының капитаны, Орал волейболының түлегі Сана Анарқұлова бастаған қазақстандықтар жанкүйерлерін жерге қаратпай, 3:0 (25:17, 25:18, 25:4) есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан финалға шығу үшін Филиппин құрамасымен шеберлік таластырады.
Аталмыш турнир чемпионы "Сегіздік финалына" жолдама алады. Онда Ұлттар лигасының бір ғана жолдамасы сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жоғары лига командалары арасында чемпион атанған "Грация-KZ" Ұлттық лигаға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).