Волейболдан қазақстандық төреші Азияда үздік шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық қазы Юлия Акулова дауыс беру қорытындысы бойынша Азияның 2026 жылғы үздік төрешісі атанды.

Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, халықаралық дәрежедегі төреші Ю.Акуловаға бұл марапат алғаш рет ұйымдастырылып отырған 1st AVC Gala Awards Night салтанатты кеші аясында табысталады. 

Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 8 тамызда Таиландтың Бангкок қаласында өтеді.
Бұл — қазақстандық волейбол үшін тарихи жетістік.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы жартылай финалдан тыс қалғанын жазған едік.