АСТАНА. KAZINFORM - Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогінде ел құрамасынан Нұрбек Мұрсал (70 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Отандасымыз ширек финалда Ихтияр Нишоновпен кездескен еді. Жекпе-жек барысында қапы қалдырып, жартылай финалға жетті. Енді ол украиналық Юрий Захариевпен шаршы алаңға шығады.
Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Бекзат Таңатар (90 келі), Нұрзат Оңғаров (50 келі) қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Беделді бәсеке 16-20 қарашада өткізіледі. Қазақстан атынан ерлер құрамасынан 8 боксшы, ал әйелдер құрамасынан 5 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
Әлем кубогі үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында болса, одан кейін шілде айында Астана да жалауын көтерді.
Бірінші кезеңде отандастарымыз 3 алтын, 3 қола алса, екінші кезеңде 8 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдеге қол созды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.