Ядролық қару негізінде стратегиялық тұрақтылықтың көнерген тұжырымдамасын қайта қарау қажет. Ядролық қарулануды бақылаудың жаңа жүйесін қалыптастыру да керек. Қорытындысында ядролық қарулануды қысқарту бойынша жалпы қамтымды шартты әзірлеу бойынша келіссөздерге шығу маңызды», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев ядролық державалар тарапынан қауіпсіздіктің заңды тұрғыда міндетті кепілінің тиімді жүйесін енгізу мәселесі де барынша өзекті екендігін атап өтті.
«Қауіпсіздік кепілі өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан, сонымен қатар ядросыз мәртебесі бар мемлекеттерге берілуі тиіс», - деді ол.