Ядролық сынақтарға қарсы ic-қимылдың халықаралық күнiне арналған пошта маркасы айналымға шықты

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін ел аумағында Ядролық сынақтарға қарсы ic-қимылдың халықаралық күнiне арналған көркем пошта маркасы айналымға шықты. Марканың тұсаукесері бүгін ҚР Сыртқы iстер министрлігінде ведомство басшысы Ерлан Ыдырысов пен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың қатысуымен болып өтті.

Марка 4 түсті офсеттік тәсілмен дайындалған, номиналы - 150 теңге, таралымы - 30 000 дана. Пошта маркасымен қатар алғашқы күннің хатқалтасы және арнайы пошта мөртабаны жасалды.

Дизайн эскизi ҚР Президентi Әкiмшiлiгiмен бiрге әзiрлендi. Пошта маркаларында Қазақстан, Ресей және АҚШ президенттерi Н.Назарбаев, Д.Медведев (2010ж), Б.Обама, сонымен қатар Вашингтон мен Сеулде өткен Ядролық қауiпсiздiк самиттерiне қатысушы мемлекет басшылары суреттелген.