Якутияда екі аю дүкенге кіріп келді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі аш аю 25 шілдеде Яутиядағы Алдан ауданы Солнечный кентіндегі «Тайга» дүкеніне кіріп келді. Аңшыларға оларды атудан басқа амал қалған жоқ.

Айта кеткен жөн, соңғы кездері аюлар Якутияның бірнеше ауданына шабуылдады. Оларды тіпті ауылдан және аудан орталықтарынан күнде кездестіріп те  қалуға болады.