«Ыстанбұл-Түркістан» әуе рейсіндегі жолаушының заңсыз әрекеті туралы Түркістан қаласының әуежайындағы Полиция бөліміне «Fly Arystan» әуекомпаниясының өкілі хабарлаған.
«Көліктегі полицейлер тексеру барысында 67 жастағы Алматы қаласы тұрғынының ұшақ бортында шылым шеккені анықталды. Жолаушыға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 441-бабы 1-2 тармағына сәйкес «Әуе кемесі бортында темекі өнімін қолданғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК (142 850 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деді Қалижан Қобландин.
Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары осыған ұқсас жағдайдың елорда әуежайында да тіркелгенін айтты.
«Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытында ұшып келген 25 жастағы елорда тұрғыны мен «Мәскеу-Нұр-Сұлтан» бағытында ұшқан 39 жастағы астаналыққа ұшақта темекі тартқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - дейді ол.