АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен кездесті.
Ойын америкалық спортшының айқын басымдылығымен өтіп, 6:0, 6:1 есебімен аяқталды.
Бір сағатқа созылған матчта К.Гауфф 6 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Кори Гауфф үшінші айналымда әлемнің 38-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасады. Ол рейтингте 62-сатыдағы америкалық Кэти Макналлиді 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Рим мастерс турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Теннистен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық турнирі Испанияда өтеді.
Тенистен 16 жасқа дейінгі ел құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).