Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған франциялық Клара Бюрельдің осал тұсын тапты.
Бірінші партияда есеп 3:3 болғаннан кейін Путинцева күш алып кетті – 6:3. Екіншісінде де сол қарқынынан тана қойған жоқ – 6:4.
Бір сағат 26 минутқа созылған матчта Юлия 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Бюрель 2 эйс, 2 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултер немесе рейтингіде 47-орындағы украиналық Ангелина Калининаның қай жеңгенімен таласады.
Бұған дейін Ю.Путинцева жұптық сында ресейлік Анастасия Потаповамен бастапқы кездесуін сәтті өткізіп, ширек финалға өткен еді.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Берлин (Германия) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды. Ол екінші айналымда әлемнің 38-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметовамен кездеседі. В.Кудерметова алғашқы айналымда әлемнің 15-ракеткасы, отандасы Людмила Самсонованы жолдан тайдырды – 3:6, 6:4, 6:4.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Германиядағы жарыстың 1/8 финалына шыққанын жазған болатынбыз.