Александр Бублик Германиядағы жарыстың 1/8 финалына шықты

Александр Бублик
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP  500 турнирінің 1/8 финалына шықты.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 101-рейтингіде тұрған аустралиялық Макс Перселмен өткізді.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик сәтті ойнады - 7:6 (7:1). Екіншісінде де есесін жібермеді - 6:4. Бір сағат 26 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 14 эйспен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Перселл 5 эйс, 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады. Александр Бублик ширек финалға өту үшін әлемнің 44-ракеткасы, америкалық Кристофер Юбэнкспен таласады.

Өткен жылы осы додада жеңімпаз атанған А.Бубликке биылғы турнирді барынша табысты өткізу маңызды. Әйтпесе өткен жылы алған рейтингілік ұпайынан айырылып, ТОП-20-дан шығып қалады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Бирмингемде камбэк жасап, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар