Юлия Путинцева Бирмингемде камбэк жасап, ширек финалға өтті

Юлия Путинцева
Фото: ФТК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында Бирмингем (Ұлыбритания) WTA турнирінің ширек финалына өтті. 

Қазақстандық спортшы ресейлік Анастасия Потаповамен бірге алғашқы айналымда чехиялық Барбора Крейчикова – ресейлік Диана Шнайдердің мысын басты.

Бірінші партияда олар 3:6 есебімен есе жібергенімен, содан кейін ойын тізгінін қолдарына ала білді – 6:1, 10:7. Бір сағат 14 минутқа созылған матчта екеуі 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Чехиялық-ресейлік дуэт 2 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Путинцева – Потапованың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева жекелей сында да өнер көрсетеді. Бастапқы айналымда ол рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған франциялық Клара Бюрельмен кездеседі.

Көгал төсенішінде өтіп жатқан Бирмингем жарысы 23 маусымда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президенттің Елена Рыбакинаны 25-ке толған туған күнімен құттықтағанын жазған болатынбыз.

Олимпиада қарсаңында Қазақстан спортшылары қандай жетістікке жетті, олқылықтар қандай.

Галле турнирінде Александр Бублик туған күнінде жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар
telegram