Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 82-ракеткасы Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің іріктеу сайысының финалында өнер көрсетті.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші әлемнің 73-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Юлия 4:0 есебімен алға кетті. Сосын тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:1.

Екінші сетте де Путинцева 3:0 есебімен алға шықты. Крюгер есепті қысқартқанымен, қазақстандық теннисші мүмкіндігін жібермеді - 6:3.

Бір сағат 17 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Крюгер 4 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Юлия Путинцева 12 қазанда басталатын негізгі жарысқа жолдама алды. Оның келесі қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Шанхай мастерс турнирінің үшінші айналымына өткенін жазған едік.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Қытайдағы жарысты жеңіспен бастады.

Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің финалынан тыс қалды.