АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирі іріктеу сайысының финалында жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 64-ракеткасы, америкалық Алисия Парксқа қарсы келді.
Екі сет те 6:2 есебімен Юлияның пайдасына шешілді.
Бір сағат 17 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 7 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Паркс 2 эйс, 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, Юлия Путинцева негізгі жарысқа жолдама алды. Оның келесі қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның өзі чемпион атанған турнирде өнер көрсететінін жазған едік.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлың алғаш рет Алматыдағы ATP турнирінде бақ сынайтыны хабарланды.
Юлия Путинцева Қытайдағы турнирді сәтті бастады.
Қазақстандық теннисшілердің Алматы ATP 250 турниріндегі қарсыластары анықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).