АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші жұптық сында Индор (Үндістан) ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге екі кездесуін сәтті өткізді. Қазақстандық-грекиялық жұп алдымен жергілікті теннисшілер Кашиш Бхатиа – Смрити Бхасинды ойсырата жеңді – 6:0, 6:3.
Ал ширек финалда бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта үндістандық Шармада Балу – латвиялық Диана Марцинкевичті сан соқтырды – 6:1, 7:5.
Енді Жібек Құламбаева мен Сапфо Сакеллариди финалға шығу үшін америкалық Джесси Энни – германиялық Лена Пападакиспен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Монпелье турнирінің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Қазақстан теннис құрамасы Аргентинада Дэвис кубогіне дайындалып жатқаны да хабарланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).