Юрий Польский Азия теннис федерациясының президенті болып сайланды
Қазақстандық Юрий Польский алдағы төрт жылға Азия теннис федерациясының (ATF) президенті болып сайланды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, сайлау Бангкокта ATF бас сессиясы барысында өткізілді.
ATF президенттігіне Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан тағы үш үміткер болды. Сайлау қорытындысында Юрий Польский айқын басымдылыққа, 55 дауыстың 34-іне ие болды.
Юрий Польский Азия теннис федерациясы директорлар кеңесін де басқаратын болды. Ол соңғы төрт жылда федерацияның вице-президенті болған еді.
«Ю.Польскийдің сайлануына Қазақстан теннис федерациясының соңғы 16 жылда тұрақты жүргізіп отырған реформалары әсер етті. Бұл тәжірибемен Қазақстан теннис федерациясының өкілдері өңірлік бастамалар аясында ұдайы бөлісіп келеді. Мұндай өзгерістерді Азияда енгізу жоспарланған. Қазіргі кезде 44 елде теннисті қарқынды дамытуға мүмкіндік бар», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Түркиядағы турнирдің чемпионы болғанын жазған едік.