«Нұр Отан» партиясының бұрыннан бергі және биылғы бағдарламаларының басты бағыты - әлеуметтік бағыт болып келеді. Дәстүрден айнымаған партия бүгінгі бағдарламасында да әлеуметтік салаға - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру жұмысына ерекше назар аударып отыр. Оған көз жеткізу үшін біздің партияның соңғы 20 жылдағы бағдарламалары мен доктриналарын шолып шықсаңыз жеткілікті», - дейді мәжілісмен.
Депутаттың айтуынша, әлеуметтік салаға байланысты бастамалар тез іске асырылуы мүмкін.
«Әлбетте, халықтың дауысы, талабы мен тілегі - тыңдалды. «Нұр Отан» партиясы осынау ел ішіндегі мәселелерді талдап, елеп-екшеп өз бағдарламасын ұсынып отыр. Бәлкім, бүгін айтылған кейбір бағдармалар, атап айтқанда, жәрдемақыны арттыру, баспана бойынша төмен пайызбен несие беру секілді жеделдетілген сипатта жүзеге асуы әбден мүмкін», - дейді Зағипа Балиева.
Айта кетсек, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Жиында Мемлекет басшысы халықты қолдауға арналған біршама әлеуметтік бастамалар туралы сөз қозғаған болатын.