ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, «I'm Kazakh» танымал қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменованың «Қазақтың күнделігі» көрме жұмысын қорытындылайды. Жаңа техникада (акрил, фото, винил) орындалған оның суреттері бұған дейін Лондонның «Кристис» бәссаудасында, Туринде, Болонь мен Париждегі көрмелерде таныстырылды.
Хорваттық өнерсүйер қауым Сәуле Омарованың суреттеріндегі техника ерекшеліктерін, авторлық сюжеттерге сайып келетін тың көзқарасты бағалады. Көрмеге хорват жұртшылығының және шығармашылық қауым өкілдері, дипломаттар және Хорватияда тұратын біздің отандастар қатысты.